Мұнайбергіштікті арттыру (МБА) әдістері бойынша семинары
Knowledge Accelerated Zero-emission EOR - KAZEOR 2027

11-13 қазан 2027 жыл | Ақтау, Қазақстан
Құрметті әріптесрер!

Бағдарламалық комитет атынан сіздерді 2027 жылғы 11–13 қазанда Қазақстанның Ақтау қаласында өтетін мұнай бергіштігін арттыру әдістеріне арналған мұнайбергіштікті арттыру (МБА) әдістері бойынша семинарына қатысуға шақырамын.

Іс-шараның мақсаты — жетілген кен орындарында мұнай өндіру тиімділігін арттыруға байланысты технологиялық сын-қатерлерді бірлесіп талқылау және мұнай бергіштігін арттыру бойынша тиімді әрі қолданбалы шешімдерді әзірлеу.

Семинар жұмысына тиісті министрліктердің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ұлттық мұнай-газ компаниясы және оның еншілес ұйымдары, Каспий өңіріндегі жер қойнауын пайдаланушылары (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан және басқа елдер), ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары, жабдықтар мен химиялық реагенттер жеткізушілері, лицензиялық технология иелері, сондай-ақ мұнай бергіштігін арттыру саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.

Сараптамалық дәрістер, бірлескен талқылаулар мен тақырыптық секциялар аясында тәжірибеде қолдануға болатын нақты шешімдер әзірлеп, мұнай-газ саласының одан әрі орнықты дамуына үлес қосуды көздейміз.
Dr. Marat Sagyndikov
Program Chairperson
Семинар өткізудің өзектілігі Қазақстанның мұнай-газ саласы үшін жетілген кен орындарын тиімді игерудің жоғары маңызымен айқындалады. Елдегі мұнай өндіру көлемінің шамамен үштен бірі жетілген кен орындарының үлесіне тиесілі. Олардың көпшілігінде мұнай өндіру қарқынының төмендеуі, суланудың артуы және операциялық шығындардың өсуі байқалады. Сараптамалық бағалаулар бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанның жетілген мұнай кен орындарында жылына шамамен 30 млн тонна мұнай өндіріледі. Өндіру тиімділігін арттыруға бағытталған жүйелі шаралар қабылданбаған жағдайда бұл көрсеткіш 2050 жылға қарай 10 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. Соның айқын мысалы — Қызылорда облысы, онда соңғы он жылда мұнай өндіру көлемі үш есеге қысқарған.
Мұнай бергіштігін арттыру әдістеріне арналған семинарды Маңғыстау облысының орталығы — Ақтау қаласында өткізу ерекше маңызға ие. Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі мұнай өндіруші өңірлерінің бірі болып табылады. 2025 жылы облыста шамамен 17,1 млн тонна мұнай өндірілді, бұл Қазақстандағы барлық жетілген кен орындары өндірісінің шамамен 57%-ына тең. Бұл көрсеткіш Маңғыстау облысының жетілген активтерді дамытудағы стратегиялық рөлін айқындап, Ақтауды МБА мәселелерін кәсіби деңгейде талқылау үшін аса өзекті алаңдардың біріне айналдырады.
Қазақстанда мұнай бергіштігін арттыру әдістері белсенді даму кезеңінде. Химиялық МБА технологиялары бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді және Қаламқас, Забурунье, Нұралы, Шығыс Молдабек және басқа да кен орындарында іске асырылды. 2025–2026 жылдары Өзен және Қаражанбас кен орындарында полимерлік айдау технологиясы бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар басталды.
Жинақталған оң тәжірибеге және мұнай компаниялары мен мемлекеттік органдар тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға қарамастан, МБА технологияларын енгізудің қазіргі қарқыны салалық деңгейде елеулі нәтижеге қол жеткізу үшін әлі де жеткіліксіз. Бұл технологияларды одан әрі кең ауқымда енгізу кен орындарының нақты геологиялық-физикалық жағдайларын — жоғары тұздылығын мен температураны, қабаттардың әртектілігі мен жарықшақтылығын — ескеретін бейімделген технологиялық шешімдерді, сондай-ақ экономикалық және реттеушілік талаптарды есепке алуды қажет етеді. Осыған байланысты өнеркәсіптік тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндірістік жағдайларға бейімдеу және жүйелі технологиялық шешімдер әзірлеу Қазақстанның жетілген кен орындарында МБА-ны тиімді енгізу үшін стратегиялық маңызға ие.
Өткен іс-шара
SPE Алматы секцияның мұнайбергіштікті арттыру әдістері бойныша техникалық семинары
Техникалық семинар Алматы қаласында сала мамандары мен сарапшыларды біріктіріп, екі күн бойы МБА саласындағы өзекті мәселелер мен технологиялық шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді. Іс-шара қорытындысында негізгі нәтижелер, ұсынымдар және Қазақстанда мұнай бергіштігін арттыру әдістерін одан әрі дамыту бағыттары жинақталды.
7-8 қазан 2025 ж. | Алматы, Қазақстан