Randall Scott Seright
Директордың орынбасары, аға инженер
PRRC, New Mexico Tech
Randall S. Seright, PhD — мұнай бергіштігін арттыру саласындағы әлемге танымал сарапшылардың бірі. Оның негізгі ғылыми және практикалық бағыты — қабатты ығыстырумен қамтуды арттыруға арналған полимерлік айдау және гельдік технологиялар. New Mexico Tech жанындағы Petroleum Recovery Research Center директорының орынбасары ретінде ол көпжылдық өндірістік және академиялық тәжірибені МБА технологияларын практикалық қолдануға бағыттап келеді. Оның зерттеулері әлемнің көптеген кен орындарында химиялық МБА технологияларын енгізуге елеулі үлес қосты. SPE/DOE IOR Pioneer Award сыйлығының иегері.