форумның негізгі қорытындылары
МБА бойынша Астана декларациясы
2026 жылғы Мұнай бергіштікті арттыру әдістері жөніндегі Қазақстан форумының маңызды нәтижелерінің бірі — Астана декларациясының қабылдануы. Бұл құжат Қазақстанда 2027–2030 жылдары МБА технологияларын дамыту мен енгізудің негізгі бағыттарын айқындайды.
Декларацияда мұнай өндіру саласының алдағы дамуы тек ағымдағы өндіріс көлемін сақтаумен шектелмей, ашылған кен орындарының әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалану, қалдық және игерілуі күрделі қорларды өндіріске тарту, сондай-ақ жетілген кен орындарының рентабельді пайдалану мерзімін ұзартуға бағытталуы тиіс екені атап өтілді.
Астана декларациясында белгіленген негізгі бағыттар:
  • Мұнай алу коэффициентін арттыру және қалдық қорларды игеруге тарту;
  • Ғылыми негізделген МБА әдістерін кеңінен қолдану, оның ішінде химиялық, газдық, термиялық, гидродинамикалық және аралас технологияларды дамыту;
  • МБА жобаларын іріктеу, зертханалық бағалау, модельдеу, пилоттық сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және тиімділігін бағалау бойынша бірыңғай тәсілдер қалыптастыру;
  • МБА және мұнай өндіруді қарқындату жобаларының Қазақстандық тізілімін құру, бұл жобаларды жүйелеуге, нәтижелерді талдауға және салалық білім базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
  • 2027–2030 жылдарға арналған МБА технологияларын дамыту, қорларды толықтыру және кен орындарын игерудің заманауи технологияларын енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеу;
  • «КМГ Инжиниринг» ЖШС базасында Қазақстандық МБА құзырет орталығын — KAZEOR құру, оған салалық сарапшыларды, ғылыми және өндірістік ұйымдарды тарту;
  • Отандық ғылымды, инженерлік құзыреттерді және кадрлық әлеуетті дамыту, оның ішінде МБА, модельдеу, зертханалық зерттеулер және кен орындарын игерудің заманауи әдістері бойынша мамандар даярлау;
  • МБА саласында технологияларды, жабдықтарды, химиялық реагенттерді, бағдарламалық өнімдер мен инженерлік шешімдерді жергіліктендіру, сапа, ашық бәсекелестік және технологиялық тиімділік қағидаттарын сақтай отырып;
  • Жол картасын іске асыру аясында МБА және мұнай өндіруді қарқындату бағыттары бойынша жұмыс топтарын құру;
  • Рентабельдігі төмен кен орындары базасында тәжірибелік-эксперименттік алаңдар құру, инновациялық шешімдерді сынақтан өткізу және олардың практикалық тиімділігін бағалау үшін.