KAZEOR 2026 форумның нәтижелері бойынша арнайы подкаст

Бүгінгі Energy Podcast-тың эпизод еліміздің мұнай-газ саласындағы маңызды әрі стратегиялық бағыт - мұнайбергіштікті арттыру (МБА-EOR) туралы.

Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде түсірілген бұл эпизод сала мамандарына арналған ерекше сыйлық деп есептейміз.

Подкаст қонағы - осы саланың дамуына үлкен үлес қосып, көшбасшылық танытып жүрген - Марат Сағындықов (PhD докторы), Мұнайбергіштікті арттыру орталығының (МАО) басшысы, өндірістік тәжірибесі 13 жылдан асатын мұнайшы-ғалым.

Эпизодта спикер KAZEOR 2026 форумының қорытындылары мен оның стратегиялық маңызына тоқталды. Сонымен қатар алдағы іс-шаралар жоспарын таныстырып, форумның негізгі бағыттары мен нәтижелерін атап өтті.

Кен орнындағы маман, инженер, ғалым немесе студент болсаңыз да, бұл әңгіме сізді шабыттандырып, сала болашағына жаңа көзбен қарауға жетелейді деп сенеміз.

Мерекелік эпизодты барша мұнайшыларға арналған тілекпен түйіндейміз: миссиямыз белгілі, мақсаттарымыз айқын, осы бағытта ниетіміз түзу, күш-қуатымыз мол және тәртібіміз берік болсын!